Владислав Григорьевич Шкодин (1940–1996) – химия ғылымдарының докторы (1991), профессор (1992).

С. М. Киров атындағы Орал политехникалық университетін (1963, қазіргі Екатеринбург) бітірген. Свердловск қаласындағы «Унипромедь» кәсіпорнында аға ғылыми қызметкер (1963–1968). Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында жетекші ғылыми қызметкер (1968–1985) Қарағанды мемлекеттік университетінде физика-химия кафедрасының меңгерушісі (1986–1988) қызметтерін атқарған.

250-ден астам ғылыми жарияланым мен 4 монографияның авторы.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Ол физикалық және органикалық химия, гидрометаллургия саласындағы маман.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:1940 жылы туғандар Санат:1900 жылы қайтыс болғандар Санат:Химия ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан химиктері Санат:Орал политехникалық университеті түлектері Санат:Қазақстан ғылым академиясының Химия ғылымдары институты қызметкерлері Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті оқытушылары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары