Болғанмола мұнай кен орны — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында, Орал қаласынан оңтүстік, оңтүстік-батысқа қарай 240 км жерде орналасқан. 1969 жылы ашылған. Құрылымы Болғанмола дөңбек күмбезінің солтүстік-шығыс бөлігінде.
Жатыс сипаты Өнімді шөгінді қабаты 1828 м тереңдікте кездеседі. Шоғырлар 2000 м тереңдікке дейін жетеді. Биіктігі 1700 м-ді, ал шоғырдың жалпы биіктігі 300 м-ді құрайды. Коллекторы төменгі триастың құмайтты және алевролитті жыныстарынан тұрады.
Қанығу сипаты Кеуектілігі 20%-ға жетеді. Мұнайға қаныққан тиімді қабатының қалыңд. 3 м. Сумен аралас мұнайдың дебиті тәулігіне 7 м3-ді құрайды, тығыздығы 839 кг/м3.
Құрамы Құрамында күкірт (0,13%), парафин (15,4%), шайыр (17%) бар. 200°С температурада буланатын фракцияның мөлшері 17,5%. Кен шоғыры іздестіру-барлау сатысында.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мұнай кен орындары Санат:Батыс Қазақстан облысы кен орындары