Шилі – Сілеті өзенінің оң жақ саласы.
Географиялық орны Ақмола облысы Ерейментау ауданының орталық бөлігімен ағып өтеді. Ұзындығы 41 км, су жиналатын алабы 604 км2. Жылдық су ағынының көлемі 6,1 млн. м3.
Бастауы Бастауын Қойтас тауының оңтүстік тарамынан алады. Басты саласы Қарсақпай өзені (20 км), мұнан басқа жалпы ұзындығы 11 км-ді құрайтын 6 саласы бар.
Гидрологиясы Өзеннің сол жағы – денудациялық жазық, оң жағы – эрозиялық-денудациялық ұсақ шоқылар. Жоғарғы сағасында бөген салынған.
Өсімдігі Қара қоңыр топырағында әр түрлі өсімдіктер өскен. Суы шабындықты суландыруға, мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Сілеті су алабы Санат:Ерейментау ауданы өзендері