Астана әкімі — Астана қаласы атқарушы билігінің жоғары органын басқаратын жоғары лауазымды тұлға. Лауазым Қазақстан елордасының 1997 жылы Алматыдан Астанаға көшірілген салысымен құрылған. Оның қазіргі иесі — Жеңіс Қасымбек.

Тарихы 1992 жылғы 6 шілдеде Целиноград қаласына оның "Ақмола" тарихи атауы қайта берілді. Сол жылы қала басшысы болып Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев тағайындалған еді және оның көшбасшылығы тұсында лауазым атауы Ақмола қалалық әкімшілігінің басшысы атауынан Ақмола қаласының әкімі атауына көшті. 1997 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан елордасы Алматыдан Ақмолаға көшірілді. 1998 жылғы 6 мамырда президент Назарбаевтың жарлығымен қала атауы Астана етіп ауыстырылды және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Астана әкімі болды.

Билікке жаңа келгенде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласы атауының Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне Нұр-Сұлтан болып аталғанын ұсынды. Парламент кейін бұл шешімді қолдады да, қала атауы өзгертілді және қала басшысының лауазымы сәйкесінше Нұр-Сұлтан әкімі болды. 2022 жылғы 17 қыркүйекте қалаға "Астана" атауы қайтарылды да, қала әкімдігінің басшысы қайта Астана әкімі болды.

Әкімдер тізімі РетіСуреті Аты-жөніҚызметіРуыАқмола қалалық әкімшілігінің басшысыАқмола қаласының әкімі 1 99px Аманжол Қуанышұлы Бөлекпаев 1992 1997Қыпшақ, Күрлеуіт 2 99px Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков желтоқсан1997 6 мамыр1998Қыпшақ, Қарабалық Астана қаласының әкімі 2 99px Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 6 мамыр1998 16 маусым2003Қыпшақ, Қарабалық 3 99px Темірхан Мыңайдарұлы Досмұханбетов маусым2003 наурыз2004 4 99px Өмірзақ Естайұлы Шөкеев наурыз2004 20 қыркүйек2006Дулат, Сиқым 5 99px Асқар Ұзақбайұлы Мамин 21 қыркүйек2006 4 сәуір2008Арғын, Қанжығалы 6 99px Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 4 сәуір2008 21 қазан2014Байұлы, Жаппас 7 99px Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков 22 қазан2014 маусым2016Қыпшақ, Қарабалық 8 99px Әсет Өрентайұлы Исекешев 21 маусым2016 қыркүйек2018Арғын, Қаракесек 9 99px Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 11 қыркүйек2018 20 наурыз2019Шапырашты Нұр-Сұлтан қаласының әкімі 9 99px Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов 20 наурыз2019 13 маусым2019Шапырашты 10 99px Алтай Сейдірұлы Көлгінов 13 маусым2019 17 қыркүйек2022Сіргелі, Жайдақ Астана қаласының әкімі 10 99px Алтай Сейдірұлы Көлгінов 17 қыркүйек2022 8 желтоқсан2022Сіргелі, Жайдақ 11 99px Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек 8 желтоқсан2022 —Арғын, Қаракесек, Шұбыртпалы

Дереккөздер

Санат:Астана