Боқтықарын – Сарысу алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысы Созақ ауданы Бетпақдаланың батыс бөлігімен солтүстіктен оңтүстікке қарай ағады.
Гидрологиясы Ұзындығы 123 км. Суы мол жылдары Ащыкөлге құяды. Қар суымен толығатындықтан, өзеннің көктемде ғана тұрақты ағыны болады, жазда арнасының ойыс жерлерінде қарасуларға бөлініп қалады. Өзен суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Созақ ауданы өзендері Санат:Сарысу су алабы